Accessibility links

Хорватия президенті сайлауында оппозиция өкілі Зоран Миланович озды


Зоран Миланович.
Зоран Миланович.

Хорватиядағы президент сайлауында елдің бұрынғы премьер-министрі әрі оппозициялық Социал-демократиялық партиясының жетекшісі Зоран Миланович алда келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 қаңтарда өткен президент сайлауының екінші кезеңінде сайлаушылардың 53 пайызы Милановичты жақтап дауыс берген.

Биліктегі "Хорватия демократикалық қауымдастығы" (ХДС) партиясы қолдау білдірген қазіргі президент Колинда Грабар-Китаровичті сайлаушылардың 47 пайызы қолдаған.

2000 жылы Конституцияға енгізілген өзгеріске сай, Хорватия парламенттік республика болып саналады. Президентке қарағанда премьер-министрдің өкілеті кең.

Былтыр 22 желтоқсанда өткен сайлаудың алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша, 26,7 дауыс алған Грабар-Китарович екінші орын алған. Сайлауға түскен 11 кандидаттың арасынан ең көп дауысты (29,56 пайыз) Миланович алған.

Хорватия Еуропа Одағына 2013 жылы енген. 2020 жылдың қаңтарынан бастап Еуропа Одағы Кеңесін басқаруға кірісті.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG