Accessibility links

Иран генерал Сүлейманимен қоштасып жатыр


Аятолла Хаменеи генерал Сүлейманиге бағыштап құран оқып тұр. Тегеран, 6 қаңтар 2019 жыл.

6 қаңтарда Тегеранда мыңдаған адам генерал Касем Сүлейманимен қоштасу үшін қала көшелеріне шықты. «Құдс күштерінің» қолбасшысы генерал Сүлеймани 3 қаңтарда Бағдат әуежайында АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде қаза болған.

Ирандағы телеарналардың барлығы Сүлейманимен қоштасу рәсімін көрсетті. Ал аятолла Али Хаменей Сүлейманиге бағыштап құран оқыды.

Құраннан кейін жиналғандар «Америкаға өлім» деп айғайлады. Сүлейманидің қызы әкесінің өлімі АҚШ пен оның одақтасы Израиль үшін «қара күн» болатынын айтты.

Оқи отырыңыз: Касем Сүлеймани кім?

АҚШ президенті Дональд Трамп «егер Тегеран Сүлейманидің өліміне кек қайтарса, онда Иранның 52 жерін, мәдени нысандарын атқылайтынын» айтып, сес көрсеткен.

«Олар біздің адамдарды өлтіреді, қинайды. Олар мина қолданып, біздің адамдарды жарып жатыр. Ал біз олардың мәдени жерлеріне тиіспеуіміз керек екен. Олай болмайды» деді Трамп.

Сүлеймани «Құдс күштерінің» қолбасшысы ретінде шетелдегі, соның ішінде Ирак, Сирия және Йемендегі арнайы операцияларды басқарған. Ол 3 қаңтарда Бағдат әуежайындағы әуе шабуылынан қаза тапқан. Сүлейманидың көзін жоюға АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрық бергені белгілі болды.

Осыдан кейін Ирак АҚШ-тан ел аумағындағы әскерін алып кетуді талап еткен. АҚШ президенті Трамп Ирак елден америкалық әскерилерді шығарса, санкция салатынын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Карантинде жатқандар "жағдай жасалмағанына" наразы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00
XS
SM
MD
LG