Accessibility links

Алматы тұрғыны пикетке шығып, "Қытайда қамалған Қазақстан азаматын" қайтаруды талап етті


Алматы тұрғыны "Қытайда қамауда отырған Қазақстан азаматын" босатуды талап етті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:57 0:00

6 қаңтарда Алматыдағы Жібек жолы көшесінде қала тұрғыны Серік Ажыбай жалғыз адам пикетіне шығып, "Қытайда қамауда отырған Қазақстан азаматы" Асқар Азатбекті босатуды талап етті.

Серік Ажыбайдың айтуынша, Асқар Азатбекті 2017 жылы 7 желтоқсанда Қазақстан - Қытай шекарасындағы "Қорғас" арнайы экономикалық аймағында орналасқан "Самұрық" кешенінің алдынан Қытайдың билік өкілдері ұстап әкеткен және Асқар Азатбек туралы Қазақстан бірнеше рет сұрау салғанда "ол - Қытай азаматы" деген жауап алған.

- Асқар Азатбектің Қытай азаматтығынан шығып, Қазақстан азаматтығын алғанын растайтын құжаттар бар. Қытайдың Алматыдағы консулдығы Қытай азаматтығынан шыққаны жайлы анықтама берген. Сөйте тұра шекарадағы сауда орталығының Қазақстан жағынан күштеп әкетіп, 17 жылға соттап жіберді. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Асқар Азатбекті Қазақстанға қайтарсын, - дейді ол.

Серік Ажыбай мойнына іліп алған плакатқа Асқар Азатбекке берілген Қазақстан азаматының паспортының көшірмесінің суретін салған. Көшірмеден 1976 жылы туған Асқар Азатбектің паспортының мәліметтері де көрінеді. Серік Ажыбай Асқар Азатбекті танымайтынын, ол туралы әлеуметтегі желідегі туыстарының жазғанынан оқығанын, бір адамдық акциясын кешке дейін жалғастыратынын айтты.

2017 жылы көктемде Қытайдан Қазақстанға көшіп келген Асқар Азатбектің сол жылы 7 қазанда Қазақстан азаматтығын алғаны жайлы Азаттық бұрын да жазған. Туыстарының айтуына қарағанда, бұрын Қытайдың Шынжаң өлкесі Іле аймағында әртүрлі салада мемлекеттік қызмет атқарған Асқар Азатбек көшіп келген соң жеке бизнеспен айналысқан. Желтоқсанда қытайлық кәсіпкерлермен іскерлік кездесу ұйымдастыру үшін "Қорғас" аймағына танысы Оразжан Сұлтанәліні ертіп барған.

Жақындарының сөзінше, 2017 жылы 7 желтоқсанда түстен кейін "Қорғастағы" қазақстандық шекара бақылау бекетінен өтіп, арнайы экономикалық аймақтағы "Самұрық" кешенінің алдына барған Асқар Азатбек пен Оразжан Сұлтанәліні екі жеңіл көлікпен келген азаматтық киімдегі бірнеше адам ұстап алған. Кейін олар Оразжан Сұлтанәліні босатып, Асқар Азатбекті көлікке күшпен отырғызып, Қытай шекарасына қарай алып кеткен.

Бұл туралы Азатбектің туыстары Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған видеоүндеуде де айтқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG