Accessibility links

Ресейде өрттен Вьетнамнан келген еңбек мигранттары қаза болды


Өрт болған аймақ. Мәскеу облысы. 7 қаңтар 2020 жыл.
Өрт болған аймақ. Мәскеу облысы. 7 қаңтар 2020 жыл.

7 қаңтарда Мәскеу маңындағы жылыжайда өрт шығып, Вьетнамнан келген сегіз еңбек мигранты қаза болды. Төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасаған ресейлік басылымдар басында қаза тапқандар Тәжікстан деп хабарлады.

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі қызметкерлерінің оқиға орнына барғанын, қаза тапқандардың бәрі вьетнамдық екенін мәлімдеді.

Тағы бір мигрант өрттен күйіп қалған. Оның азаматтығы анықталып жатыр.

Өрт 7 қаңтар таңертең Мәскеу облысы Раменский ауданы Нестерово ауылында болған. Төтенше жағдай министрлігі өрттің тағы алтыда сөндірілгенін хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG