Accessibility links

Киев ұшақ апатын зерттеу үшін Иранға мамандар жіберді


Иранның құтқару қызметі тобы ұшақ апатының орнын қарап жүр. Тегеран, 8 қаңтар 2020 жыл.

Тегеран әуежайы маңындағы ұшақ апатын зерттеуге Украинаның да мамандары қатысады деп мәлімдеді Украинаның президенті Владимир Зеленский.

Украина президентінің сайтындағы хабарламаға сәйкес, мамандар Иранға 8 қаңтарда кешке жетуі тиіс. Іздеу-құтқару тобының арасында төтенше жағдай қызметінің өкілдері, ішкі істер министрлігі, сыртқы істер министрлігі, Украинаның қауіпсіздік қызметі және өзге сала мамандары да бар. Олардың барлығы құрбандарды анықтау мен олардың мәйітін Украинаға жеткізу мәселесін шешпек.

Зеленскийдің айтуынша, Киев апаттың себебін анықтау үшін шетел әріптестерімен тұрақты қарым-қатынас орнатқан.

"Украинаның халықаралық авиажелісіне" тиесілі Boeing 737-800 ұшағы 8 қаңтарда таңертең Тегераннан Киевке қарай ұшып шыққан кезде құлады. Ұшақ бортында болған 176 адамның барлығы қаза болды. Олардың басым бөлігі - Иран және Канада азаматтары. Қаза болғандар арасында 11 Украина азаматы болған. Сонымен бірге Ауғанстан, Германия, Швеция, Ұлыбритания азаматтары да бар. Ұшақ құлауының себебі анықталып жатыр. Апат орнынан борттық тіркегіш табылған, бірақ Иран деректерді өңдеу үшін оны қай елге тапсыратыны белгісіз. Иранның азаматтық авиация басқармасы борттық тіркегішті америкалық Boeing компаниясына бермейтінін мәлімдеді.

Иранның телеарналары ұшақтың "техникалық себептен" құлауы мүмкін екенін хабарлады. Құлаған ұшақ 2016 жылы шыққан. Әуе компанияның президенті ұшақта техникалық ақау болмағанын айтты.

Ұшақ апатынан кейін Владимир Зеленский Оманға сапарын кейінге шегеріп, Украинаға оралды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG