Accessibility links

АҚШ дипломаты Вашингтонның Орталық Азиямен әріптестік орнатуға бейіл екенін айтты


АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісінің орынбасары Элис Уэллс.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісінің орынбасары Элис Уэллс.

АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі экономикалық мүмкіндіктерге жол ашу үшін және аймақтағы қауіпсіздікті нығайту мақсатында Орталық Азия елдерін әріптестікті дамытуға шақырды. АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісінің орынбасары Элис Уэллс 7 қаңтарда Азаттықтың Тәжік қызметіне берген сұхбатында Вашингтон "С5 + 1" форматы аясында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанмен әріптестікті жалғастыруға бейіл деді.

Вашингтонның Орталық Азия елдерімен әріптестік орнату бойынша зор мүмкіндік барын айтқан дипломат 2016 жылы билік ауысқаннан кейін Өзбекстанмен әріптестік орнатуға көбірек мүмкіндік пайда болғанын да атап өтті.

Орталық Азия елдерінің шетелдік террористік топтар құрамында болған азаматтарын қайтаруға күш салып отырғанын айтқан Элис Уэллс тараптар терроризммен күрес сияқты мәселелерді талқылай алады деді.

Элис Уэллс Душанбеге 6 қаңтарда барған. Бір ай бұрын Вашингтон Орталық Азия елдерімен екіжақты қарым-қатынасты жандандырды деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі Тәжікстанға барады

Қытайдың Орталық Азияда экономикалық және саяси ықпалы артқан тұста АҚШ Орталық Азия мемлекеттерімен дипломатиялық қатынасты дамытуға мән беріп отыр. АҚШ-тың Орталық Азияға назар аударуы сонымен бірге Вашингтонның Ауғанстаннан әскер әкету талпынысымен де байланысты.

Оқи отырыңыз: С5+1. АҚШ-тың Орталық Азиядағы мүддесі қандай?

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG