Accessibility links

"Қазақ тілі" қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлы қайтыс болды


"Қазақ тілі" қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлы. Мемлекеттік тілді дамыту институтының сайтынан алынған.

"Қазақ тілі" қоғамының президенті, ғалым Өмірзақ Айтбайұлы қайтыс болды. Бұл ақпаратты "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Facebook-тағы парақшасында хабарлады.

"Бүгін Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті, саналы ғұмырын ана тілін ардақтауға арнаған ғұлама ғалым, академик Өмірзақ аға Айтбайұлы өмірден озыпты" деп жазды ол 9 қаңтарда.

Өмірзақ Айтбайұлы 1936 жылы 5 сәуірде Түркістан облысы Отырар ауданы Балтакөл ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Тіл білімі институтында ұзақ жыл еңбек еткен. Осы институттағы Терминологиялық орталықты басқарған.

2004 жылдан бастап халықаралық "Қазақ тілі" қоғамына жетекшілік етті.

Сарапшылар Өмірзақ Айтбайұлын тіл мәртебесінің көтерілуіне зор үлес қосқан ғалым, "Тіл туралы" заңның орындалуына қызу атсалысқан белсенді деп атаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"42 мың теңге жәрдемақы алуға "көмектесетін" алаяқтар пайда болды"
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:02 0:00
XS
SM
MD
LG