Accessibility links

Иран украиналық ұшақты "қателесіп" атып түсіргенін мойындады


Тегеран әуежайы маңында құлаған Boeing-747 ұшағының қалдығы. 8 қаңтар 2020 жыл.

Иран Тегеран әуежайы маңында украиналық ұшақты ирандық әскерилердің қателесіп атып түсіргенін мойындап, "бұл адам факторынан болған апат" деді.

11 қаңтарда таңертең ирандық мемлекеттік телеарна арқылы мәлімдеме жасаған Иран қарулы күштерінің бас штабы осылай деді. Бұған дейін Иран үкіметі бірнеше күн бойы батыс жетекшілері мен сарапшыларының "ұшақты ирандық зымыран атып түсірді" деген мәлімдемесін жоққа шығарып келген еді.

Тегеран кінәлілер жауапқа тартылады деп мәлімдеді. Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф оқиға 8 қаңтарда "АҚШ авантюризмінен туындаған дағдарыс кезінде" болды деді.

"Украинаның халықаралық әуе желісі" компаниясына тиесілі ұшақ Тегераннан Киевке ұшқан. Ұшақта Канаданың - 57, Иранның - 82, Ауғанстанның - 4, Германияның - 3, Ұлыбританияның - 3, Украинаның - 11 азаматы болған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Коронавирус деген не? Бүлдіршіндерге түсіндіреміз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00
XS
SM
MD
LG