Accessibility links

Иранда полицияның наразыларға оқ атқаны айтылады


"Хаменеи - кісі өлтіруші!" Иран жұрты аятолланың биліктен кеткенін талап етті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00

Ирандағы наразылық. 11-12 қаңтар 2020 жыл.

12 қаңтарда Иран билігі Тегерандағы наразыларды тарату кезінде көзден жас ағызатын газбен қоса оқ атқан. Куәгерлердің сөзінше, бірнеше адам жараланған.

Желіде таралған Тегеранда түсірілуі мүмкін видеода оқ атылған дауыстар мен жараланып жатқандар көрінеді. Бұл видеолардың Тегеранда түсірілгені нақты анықталған жоқ.

Батыс басылымдары көптеген куәгерлерге сілтеме жасап, наразыларға қарсы оқ атылғанын мәлімдеді.

Тегеран полициясы наразыларға оқ атылғанын жоққа шығарады. 13 қаңтарда полиция басшысы «полицейлерге наразыларға қару қолданбау» туралы бұйрық берілгенін айтты. Жараланғандар жайлы ресми статистика жоқ.

10 қаңтарда Иран билігі украиналық жолаушылар ұшағын қателесіп атып түсіргенін мойындаған жоқ елде жаппай наразылық басталды. Наразылар ел билігін 176 адам опат болған ұшақ апатының себебін жасырып келді деп айыптады. Наразылық кезінде жұрт қазіргі режимнің басында тұрған аятолла Әли Хаменеидің биліктен кетуін талап етті. Акцияға қатысып жатқандардың басым бөлігі – студент.

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter желісінде Иран билігін наразыларды өлтірмеуге шақырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG