Accessibility links

Өкілдер палатасы импичмент мәселесін сенат қарауына жіберуді мақұлдады


Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси (ортада). 15 қаңтар, 2020 жыл.
Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси (ортада). 15 қаңтар, 2020 жыл.

Өкілдер палатасы президент Дональд Трамп импичменті туралы істі сенаттың қарауына жіберуді мақұлдады. Оған 228 конгресмен қолдап дауыс берді. 193 адам қарсы болды деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

"Президент тағылған айып бойынша кінәлі ме, жоқ па", "қызметінде қала ма, жоқ па", енді сенат осы мәселелер бойынша шешім қабылдауы тиіс.

Трампқа билікті теріс пайдаланды және конгрестің жұмысына кедергі келтірді деген айып тағылған. Бұл іс бойынша сенаторлар сот алқасы рөлін атқарады. Конгресмендер айыптаушы тарап ретінде сөйлейді. Ал сот төрағасы АҚШ-тың бас судьясы Джон Робертс болады.

Оқи отырыңыз: Конгрестің төменгі палатасы Трампқа сенімсіздік білдірді

Сенатта республикашылдар көпшілік болып отыр. Республикашылдардың ешқайсысы бұған дейін конгресс таққан айыптарды қолдамаған. Сарапшылар Трамптың ақталатынына сенімді.

Видео: АҚШ-та президентке импичмент қалай жарияланады?

АҚШ-та президентке импичмент қалай жарияланады?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:10 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG