Accessibility links

Оралда азаматтық белсенді биліктің ауысуын талап етті


Белсенді Назгүл Аленова бейбіт митинг кезінде. Орал, 16 қаңтар 2020 жыл.

Орал тұрғыны Назгүл Аленова Мәншүк Мәметова алаңына шығып, тұтас биліктің ауысуын талап етті. Әйелдің қолында "Тұтас биліктің ауысқанын қалаймын" деген жазуы бар плакат болды. Ол пікірін ашық айтуға құқығы бар екенін жеткізді.

- Мен тұтас биліктің ауысқанын қалаймын, себебі барлық мемлекеттік органдар, мекемелер, судьялар, депутаттар билікті заңсыз басып алған. Тоқаев та сол. Ешкім Тоқаевты сайлаған жоқ. Қазір барлық заңдар қарапайым халықтың мүддесіне қарама-қайшы. Сондықтан Тоқаевтың отставкаға кеткенін қалаймын. Ол отставкаға кетсін деп талап етемін, - деді Назгүл Аленова.

Сәлден соң белсендінің жанына бір ер адам келіп, өзін ішкі саясат бөлімінің қызметкерімін деп таныстырды. Ол алаңдағы акцияның заңсыз екенін, оны биліктің рұқсатынсыз өткізіп жатқанын айтты. Ал белсенді Конституцияны жақсы білетінін және заң аясында әрекет етіп жатқанын жеткізді.

Назгүл Аленова сонымен бірге ешбір партия немесе ұйымға мүше емес екенін, жәй ғана қазақстандықтардың құқығын қорғағысы келетінін айтты. Аленованың сөзінше, ол ұзақ уақыт мемлекеттік қызметте жұмыс істеген, кейіннен жұмыстан шығып, соңғы бір жарым жылда жұмыс істемеген. Оның акциясы шамамен жарты сағатқа созылды.

Сол күні Мәншүк Мәметова алаңында тағы бір пикет өтті. Оны азаматтық белсенді Ерік Жұмабаев өткізді. Оның "Маған ҚДТ ("Қазақстанның демократиялық таңдауы") бағдарламасы ұнайды" деген жазуы бар плакатпен алаңға шығып жүргеніне бірнеше күн болған. Бірақ ол Қазақстанда сот шешімімен қызметіне тыйым салынған ұйымға мүше емес екенін айтты.

Азаматтық белсенді Ерік Жұмабаев. Орал, 16 қаңтар 2020 жыл.
Азаматтық белсенді Ерік Жұмабаев. Орал, 16 қаңтар 2020 жыл.

Нұр-Сұлтан экстремистік деп тапқан ҚДТ-ны Еуропарламент 2019 жылғы резолюциясында "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған.

Соңғы кезде Қазақстанда жалғыз адамдық пикеттер жиілеген. Оған қатысқан азаматтар билікке түрлі талап айтып жатыр. Арасында "саяси тұтқындарды босату" деген талап та бар. Қазақстан билігі "саяси тұтқын бар" деген тұжырымды жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Белсенді Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00
XS
SM
MD
LG