Accessibility links

Павлодар облысы әкімі Бақауов екі айға қамауға алынды


Павлодар соты 17 қаңтар кешке Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовты “жемқорлық күдігімен” екі айға қамауға алды. Бұл туралы қазақстандық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Прокурор тергеу сотында “Бақауов бостандықта жүрсе тергеуге әсер етеді не қашып кетуі мүмкін” деді. 48 жастағы Бақауов өзін үйқамақта қалдыруды не кепілмен босатуды сұрады. Сот облыс әкімін 16 наурызға дейін қамауға шешім қабылдады.

Сотта Бақауовқа қызметін асыра пайдаланып, туысқанының компаниясының заң бұзғанын жасыру үшін салықшыларға қысым жасағаны айтылды. Бақауов бұл айыпты жоққа шығарған.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бақауовтың “қызметін асыра пайдаланды” деген күдікке ілінгенін мәлімдеп, оған қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу басталғанын хабарлаған. Ал Бақауовтың ұсталғаны жайлы алғашқы ақпарат 15 қаңтарда желіде пайда болған. Мессенджерлерде тараған аудиожазбада бір адам Бақауовтың жиын үстінде ұсталғанын айтады. Бірақ әкімдіктің баспасөз хатшысы әкімдік қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын, әкім қалада жүргенін айтқан.

Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі болып 2016 жылы наурызда тағайындалған. 2019 жылы шілдеде оның қызмет уақыты ұзартылған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Covid-19 дертінен айыққан Елдостың әңгімесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:48 0:00
XS
SM
MD
LG