Accessibility links

Мәскеуде Конституцияны өзгертуге қарсы жалғыз адамдық пикеттер өтіп жатыр


Сауда орталығының сыртына орнатылған монитордан Ресей президенті Владимир Путиннің жолдауы көрсетіліп жатыр. Мәскеу, 15 қаңтар 2020 жыл.
Сауда орталығының сыртына орнатылған монитордан Ресей президенті Владимир Путиннің жолдауы көрсетіліп жатыр. Мәскеу, 15 қаңтар 2020 жыл.

Мәскеуде президент әкімшілігі ғимаратының алдында Конституцияны өзгертуге қарсы жалғыз адамдық пикеттер өтіп жатыр деп хабарлады "МБХ Медиа" сайты. 15 қаңтарда халыққа жолдауында Ресей президенті Владимир Путин Конституцияны өзгертуді ұсынып, әншілер, саясаткерлер және заңгерлерден құралған комиссия да жасақталған еді.

Акцияны муниципал депутаты Илья Азар ұйымдастырған. Ол жақында Facebook желісінде Путин "конституциялық төңкеріс жасады” деп айтқан. Ресей заңы бойынша жалғыз адамдық пикеттерді өткізу үшін биліктен рұқсат сұраудың қажеті жоқ.

Тағы бір муниципал депутаты Юлия Галямина Путиннің ұсынысын қолдамайтындарды жексенбі күні рұқсат етілген шеруге қатысуға шақырды. Бұл жиын адвокат Станислав Маркелов және журналист Анастасия Бабурованы еске алуға арналған. Билік рұқсат етілмеген шеруге қатысқандардың әрекеті құқықбұзушылық болып бағалануы мүмкін екенін ескертті.

Сәрсенбі күні президент Владимир Путин Федералды жиынға дәстүрлі жолдауында Ресей Конституциясын түбегейлі өзгертуді, билік құзыретін қазір еш күші жоқ парламент пен мемлекеттік кеңестің пайдасына бөлуді ұсынған. Мемлекеттік Думаға премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындау құқығы беріледі. Президентке екі реттен артық сайлануға тыйым салу, Федерация кеңесіне Конституциялық және Жоғарғы сот судьяларын қызметінен шеттетуге, күш құрылымдары басшыларын тағайындауды бақылауға рұқсат беру ұсынылды. Бұл өзгерістер – Ресей Конституциясы тарихындағы ең радикалды реформа.

Көптеген сарапшылар осы өзгерістер арқылы Путин билікті сақтап қалуға тырысады деп есептейді. Конституция қатарынан екі реттен артық президент болуға тыйым салғандықтан Путин 2024 жылы президент сайлауына қатыса алмайды.

Оқи отырыңыз: "Путин өмір бойы басқаруға қамданып жатыр". Ресейде үкімет ауысты

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG