Accessibility links

Бішкек соты Матраимовтардың БАҚ үстінен түсірген арызын қарауды бастайды


Азаттықтың Қырғыз редакциясының (ортада), Kloop, 24.kg сайттарының логотиптері.

Журналистік зерттеу барысында жемқорлық ісі бойынша көзге шалынған ықпалды әулеттің журналист пен бұқаралық ақпарат құралдарының үстінен түскен арыз бойынша Бішкекте сот ісі басталады.

Желтоқсан айында Матраимовтер әулеті Азаттықтың Қырғыз редакциясы мен Азаттық тілшісі Әли Тоқтахуновты және Kloop.kg, 24.kg сайттарын сотқа берген. Талап арыз түсіргендер "ақпарат құралдары жариялаған деректер ар-ожданымызға нұқсан келтірді, іскерлік беделімізді түсірді" деп санайды. Матраимовтар Әли Тоқтахуновтан 10 миллион сом (143 150 доллар), Азаттықтың Қырғыз редакциясынан 22,5 миллион сом (323 100 доллар), Kloop сайтынан 12,5 миллион сом (179 мың доллар) және 24.kg сайтынан 15 миллион сом (215 мың доллар) өтемақы сұрайды.

19 желтоқсанда Бішкектің Свердловск аудандық сотында алдын ала сот тыңдауы өткен. Желтоқсанның бас кезінде Азаттықтың Қырғыз редакциясы мен тілшісі Әли Тоқтахуновтың және Kloop​ сайтының банктегі есепшоты бұғатталып, кейіннен сот қаулысымен қайта босатылған. Аталған баспасөздер Қырғызстанның кеден қызметіндегі жемқорлық жайлы зерттеулерін жариялаған.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Балық бала" асырап отырған отбасы баспанаға мұқтаж
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:31 0:00
XS
SM
MD
LG