Accessibility links

Guardian басылымы ДАИШ-тің жаңа басшысы туралы дерек жариялады


ДАИШ мүшесі делінген адам. Сирия, маусым айы 2014 жыл.
ДАИШ мүшесі делінген адам. Сирия, маусым айы 2014 жыл.

ДАИШ ("Ислам мемлекеті") террористік тобының жаңа жетекшісінің аты-жөні Әмір Мұхаммед Әбдел Рахман әл-Мауль деп хабарлады арнайы қызмет дерегіне сүйенген британдық Guardian басылымы.

Басылым оны ДАИШ-тің негізін қалаған ұйым идеологтарының бірі деп атайды. Газеттің жазуынша, Әмір Әбдел Рахман ұйымның бұрынғы жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдади өлтірілгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін ұйымды басқаруға кіріскен. Әл-Бағдади өткен жылы қазан айының соңында Сирияның Идлиб провинциясында АҚШ-тың арнайы операциясы кезінде қаза тапқан. АҚШ билігі әл-Мауль мен террористік топтағы өзге жетекшілерді ұстауға мүмкіндік беретін ақпарат үшін бес миллион доллар көлемінде сыйақы тағайындады.

Оқи отырыңыз: Террор топтың жетекшісі әл-Бағдадидің денесі теңізге лақтырылды

Газеттің жазуынша, Иракта тұратын түркімен отбасынан шыққан Әмір Мүхаммед Әбдел Рахман әл-Мауль ұлты араб емес ДАИШ-ті басқаратын санаулы жетекшілердің бірі. 2004 жылы Америка әскерилерінің қолына түсіп, Ирак оңтүстігіндегі түрмеге қамалған. Сол жақта әл-Бағдадимен кездескен.

Арнайы қызмет өкілдері террористік топ жетекшісінің нақты қайда екенін білмейді. Болжам бойынша, ол Ирактың Мосул қаласының батысындағы кішігірім қалалардың бірінде жасырынып жүрген болуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG