Accessibility links

Шешенстанда министр лесбиді Құранмен "емдеу әдісін" қолдады


Жамбулат Умаров.
Жамбулат Умаров.

Шешенстанның ұлттық саясат, сыртқы байланыс, баспасөз және ақпарат министрі Жамбулат Умаров "жыныстық ерекшелігі үшін ата-анасы ұрып-соққан" шешен қызына Құран оқу "шипалы" болатынын айтты.

"Белгілі бір жағдайда Құран оқып, әңгімелесу дәстүрлі ислам медицинасында бар" деді Омаров.

Шешен шенеунігі 22 жастағы Грозный тұрғыны Аминат Лорсанованың "ұрып-соғып, қинады" деген сөзіне күмәнмен қарайды. Министрдің айтуынша, ЛГБТ-қауымдастығымен байланысты осыған ұқсас "мәнсіз жаңалықтар" медиа кеңістікте әдейі таратылады.

Жақында Лорсанова Ресейдің тергеу комитетіне өтініш берген. Шағым түсіруші өзінің ата-анасы мен оның клиникада істейтін дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті.

Лорсанованың айтуынша, 2018 жылы жыныстық ерекшелігіне байланысты оны ауруханада екі рет бір айдан астам уақыт бойы ұстап, қинаған. Тергеу комитеті оның өтінішіне байланысты әзірге түсініктеме бермеді.

Лорсанова ең алғаш рет 2018 жылы тамыз айында Грозныйдағы клиникаға жіберіліп, онда 25 күн болған. Бұдан соң осы қаладағы Республикалық психоневрологиялық диспансерде төрт ай жатқан. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында әкесінің танысы "жынды қуу үшін" оны бірнеше рет таяқпен ұрып, Құран оқыған.

Оқи отырыңыз: Гей жігіттің сұхбатынан соң дәрігерлер арасынан ЛГБТ өкілдерін іздеуге кірісті

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG