Accessibility links

Қарағанды облысында жолаушылар пойызының төрт вагоны рельстен шығып кетті


Қарағанды облысының картасы.

23 қаңтарда кешкі сағат 21:45 шамасында Қарағанды облысында Жезқазған қаласына кетіп бара жатқан жолаушылар пойызының төрт вагоны рельстен шығып кетті. Оқиға Қарабас станциясы аумағының Қарағанды - Жолаушылар - Жарық бөлігінде болған.

"Қазақстан темір жол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ешкім зардап шекпеген. Бұл бөлікте пойыздар қозғалысы тоқтамаған. Жолаушыларды өзге қосымша вагондарға отырғызған. Пойызда 683 жолаушы болған. "Марал-Нұр" жеке компаниясы жолаушыларды тасымалдаған.

"Қазақстан темір жолы" вагондардың рельстен шығу себебін түсіндірмеді. Алайда компания хабарламасында "қолайсыз ауа райынан жолдың дұрыс көрінбегені" айтылады. 23 қаңтарда Қарағанды және бірқатар облыстарда қатты боран соғып, қалың қар жауған.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG