Accessibility links

СІМ: Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ


Құтқарушылар апат болған орында жұмыс істеп жатыр. Түркия, 25 қаңтар 2020 жыл.
Құтқарушылар апат болған орында жұмыс істеп жатыр. Түркия, 25 қаңтар 2020 жыл.

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

24 қаңтарда Түркияның шығысындағы Элязыг провинциясында қатты жер сілкініп, кемінде 18 адам қаза болды, жүздеген адам жарақаттанды. Түркияның төтенше жағдай агенттігінің хабарлауынша, 6,8 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентр ошағы Сивридж қаласына жақын маңда орналасқан. Элязыг қана емес, көрші провинцияларда, Иран, Сирия, Ливанда жер тербелісі сезілген.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу ауданға құтқарушылар тобын жібергенін айтты. Қираған үйінділер астынан адамдарды іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Сойлу 533 адамның жарақаттанғанын айтты.

Түркия сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. 1999 жылы Түркияның батысындағы Измит қаласында күшті жер сілкінісі болып, 17 мыңнан астам адам қаза болған, шамамен 500 мың адам баспанасыз қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG