Accessibility links

Украиналық ұшақты атып түсірген ирандық әскери қызметкер түрмеде отыр


Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммад Жавад Зариф.
Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммад Жавад Зариф.

Украиналық Boeing ұшағын атып түсірген ирандық әскери қызметкер түрмеде отыр деп хабарлады Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммад Жавад Зариф. Ол әскери қызметкердің аты-жөнін атамады.

Зариф сонымен бірге 1988 жылы АҚШ-тың ирандық жолаушылар ұшағын атып түсіргенін де еске салды.

"32 жыл бұрын АҚШ Иранның жолаушылар ұшағын атып түсірді. Әлі күнге дейін олар ресми түрде кешірім сұраған жоқ. Ұшақты жойған америкалық офицер сол үшін тіпті медаль да алды. Ал украиналық ұшақты атқан ирандық түрмеде отыр" деді министр.

"Шабуыл болған түні әуе кеңістігін жаппау туралы шешімнің болмауы Иран билігінің жауапсыздығын көрсетпей ме?" деген сұраққа министр "Тегеран әскери аймақта болған жоқ" деп жауап берді. Саясаткер мұны (әуе кеңістігін жаппау туралы шешім) техникалық және саяси шешім деп атады.

"Біз әуе кеңістігін жаппай-ақ сегіз жыл бойы Иракпен соғыстық" деді ол. Министр АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына шабуылды генерал Сүлейманидің өліміне "ресми әскери жауап" деп атады.

Украина авиакомпаниясының "Боинг-737" ұшағы 8 қаңтарда Тегеран әуежайынан көтеріле бере құлап, борттағы 176 адам қаза болды. Бастапқыда Иран билігі "ұшақты зымыран атып түсірді" деген тұжырымды жоққа шығарды. Алайда зымыран шабуылы болғаны туралы видеожазбалар пайда болғаннан кейін Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы ұшақты қателесіп, атып түсіргенін мойындады.

Оқи отырыңыз: Иран украиналық ұшақты әскерилердің "қателесіп" атып түсіргенін мойындады

Бұдан соң Иранда наразылық өршіді. Иранның сыртқы істер министрлігі азаматтар апаттың себебін жасырған билік пен әскерилердің әрекетіне наразы болды деп мойындады.

Оқи отырыңыз: Иранның ұшақ апатын мойнына алуы халықты шеруге шығарды

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG