Accessibility links

Шешенстанда Қадыров суретінен "фотоколлаж жасаған" ондаған адам ұсталды


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.

Шешенстанда Рамзан Қадыровтың суретінен "фотоколлаж жасады" деп күдікке ілінген кемінде 25 адам ұсталды деп хабарлады құпия дереккөзге сүйенген "Кавказ.Реалии" сайты. Фотоколлажды жасаушылар республика басшысы Қадыровқа православ діні қызметкерінің киімін кигізіп қойған.

Сайттың жазуынша, шешен полициясы ұсталғандардың барлығын ішкі істер министрлігінің Шалин ауданындағы уақытша қамау изоляторына жеткізіп, ұрып соққан. Олардың үстінен хаттама толтырылмаған. Ұсталғандар арасында коллажды таратқандар ғана емес, оны алған адамдар да болған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG