Accessibility links

Танымал баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза тапты


Коби Брайант

Америкалық танымал баскетболшы Коби Брайант 26 қаңтарда Калифорнияда тікұшақ апатынан қаза тапты. Бұл туралы ақпарат агенттіктері хабарлады.

Коби Брайанттың жеке тікұшағы ұшып бара жатқанда өртеніп, жерге құлаған. Брайант 41 жасында өмірден өтті.

Брайант мінген тікұшақ апатқа ұшыраған маң. 26 қаңтар 2020 жыл.
Брайант мінген тікұшақ апатқа ұшыраған маң. 26 қаңтар 2020 жыл.

Ол 1996-2016 жылдары “Лос-Анджелес Лейкерс” баскетбол командасының қорғаушысы болған. Ол мектеп біте сала, 1996 жылы “Лос-Анджелес Лейкерс” клубына қабылданып, 20 маусым осы команданың сапында NBA жарысына қатысқан. Бес рет NBA турнирінде жеңіске жеткен. 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Төрт рет Жұлдыздар матчының үздік ойыншысы деп танылған.

АҚШ құрамасы сапында екі дүркін олимпиада (2008, 2012) чемпионы атанған. 2018 жылы Брайант “Қымбатты баскетбол” мультфильмі үшін “Оскар” сыйлығын алған.

Америкалық Sports Illustrated журналы Коби Брайантты онжылдықтың ең үздік бес спортшысы қатарына қосқан.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Балық бала" асырап отырған отбасы баспанаға мұқтаж
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:31 0:00
XS
SM
MD
LG