Accessibility links

Израиль өз азаматтарына Сауд Арабиясына арнайы рұқсатсыз баруға рұқсат берді


Израиль мен Сауд Арабиясының тулары.
Израиль мен Сауд Арабиясының тулары.

Израиль өз азаматтарына Сауд Арабиясына ғибадат етуге я жұмыс бабымен арнайы рұқсат қағазсыз баруға рұқаст берді. Бұл туралы Израиль ішкі істер министрлігі хабарлады.

Израиль заңына сәйкес, ел азаматтары Сауд Арабиясы, Йемен, Ирак, Иран, Ливан мен Сирия елдеріне бару үшін арнайы рұқсат алуға міндетті. Ол елдерге арнайы рұқсат қағазын алмай барған азаматтар қылмыстық жазаға тартылады.

26 қаңтарда тараған мәлімдемеде Израильдің ислам дінін ұстанушы азаматтарына Сауд Арабиясына ғибадат ету үшін баруына рұқсат берілетіні жазылған. Бұған қоса, жұмыс бабымен немесе инвесторлармен кездесу үшін баруға да рұқсат етілген. Егер бұрын оларға Сауд Арабиясында тек тоғыз күн ғана жүруге рұқсат берілсе, енді бұл мерзім 90 күнге дейін ұзартылды. Алайда саяхаттап барушылар арнайы рұқсат қағазын алуға әлі де міндетті.

Эр-Рияд әзірге бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Израиль мен Сауд Арабиясы арасында ресми дипломатиялық байланыс жоқ, бірақ екеуінің де Иранмен қатынасы нашар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG