Accessibility links

Ауғанстанда құлаған ұшақ "АҚШ қарулы күштеріне тиесілі"


Газни аймағы

27 қаңтарда Ауғанстанда апатқа ұшыраған ұшақ АҚШ әскери әуе күштеріне тиесілі екені хабарланды. Бұған дейін оның жолаушылар ұшағы екені айтылған. Bombardier ұшағының әскери мақсаттағы техника екенін Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу тобы хабарлады.

Ауғанстанның Газни провинциясында АҚШ әскери әуе күштерінің ұшағы құлағанын "Талибан" террористік тобы да мәлімдеді.

Әзірге апатты тәліптер мойнына алған-алмағаны белгісіз. Reuters агенттігінің хабарлауынша, тәліптердің өкілі ұшақтың атып түсірілгенін айтқан. Өзге агенттіктер ұшақтың құлағанын ғана хабарлады.

АҚШ қарулы күштері қолбасшылығы әзірге құлаған ұшақтың Америкаға тиесілі екенін растаған жоқ. АҚШ әскерінің өкілі ұшақ апатының тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде апатқа ұшыраған ұшақ делінген фото, видеолар пайда болды. Bombardier E-11A ұшағының қалдықтарынан АҚШ әскери әуе күштерінің белгілері көрінеді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Covid-19 дертінен айыққан Елдостың әңгімесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:48 0:00
XS
SM
MD
LG