Accessibility links

Өзбекстан: "Мақта теруге мәжбүрлеген" шенеуніктердің тізімі жарияланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстанның жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі 2019 жылы мақта теруге мәжбүрлеп, айыппұл салынған шенеуніктердің тізімін жариялады. Тізімде 43 адамның аты-жөні жазылған, олардың арасында екі аудан әкімі, бес әкім орынбасары, банк жетекшілері, мектеп директорлары, бір сауда орталығының басшысы бар. Онда Самарқанд облысы шенеуніктерінің аты жиі аталады.

Олардың барлығына Әкімшілік кодекстің 51-бабы ("Еркінен тыс еңбекке жегу") бойынша айыппұл салынған. Бұл бап бойынша 10-30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни, 2 230 000 сом (230 долларов) және 6 690 000 сом (700 долларов) аралығында айыппұл төлету көзделген.

Құқық қорғаушы ұйымдар көптеген жылдар бойы Өзбекстан билігін мақта терімі кезінде бала еңбегін немесе мәжбүрлі жұмыс күшін пайдаланады деп айыптап келген. Өзбекстан мақта шикізатын өндіруден әлемде бесінші орында тұр. Мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің ширек бөлігін мақта экспортынан түскен кіріс құрайды.

2016 жылы елді ширек ғасыр бойы басқарған бірінші президент автократ Ислам Каримов қайтыс болған соң билікке келген Шавкат Мирзияев бірқатар реформалар бастаған. Өткен жылы ол мәжбүрлі жұмыс күшін пайдаланудың түп-тамырын жоюға бағытталған жарлыққа қол қойған. Алайда Азаттықтың Өзбек қызметі - Озодлик радиосына келген хат-хабарламаларда Өзбекстанда бюджет қызметкерлерін мақта теріміне мәжбүрлеп жіберу тыйылмай келе жатқаны айтылады.

Оқи отырыңыз: Билік уәде еткенімен, мақта теруге мәжбүрлеу тыйылған жоқ

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG