Accessibility links

Тәжікстан: Тәуелсіз журналист "араздық қоздыру" бабымен қамауға алынды


Далер Шарифов, Душанбе қаласы, 19 сәуір 2018 жыл.
Далер Шарифов, Душанбе қаласы, 19 сәуір 2018 жыл.

Тәжікстанда екі күн бұрын ұсталған тәуелсіз журналист Далер Шарифов "араздық қоздыру" бабымен қамауға алынды. Тәжік билігі журналисті "ұлттық, нәсілдік немесе діни араздық қоздырды" деп айыптап отыр.

Журналистің адвокаты Абдурахмон Шарифовтің айтуынша, Шарифов екі айға қамалған. Оған бес жыл түрме жазасы берілуі мүмкін.

Дегенмен адвокат "істің құпиялылығын сақтау" туралы құжатқа қол қойғанын айтып, істің жай-жапсарына тоқталмады.

Далер Шарифовтың туыстарының айтуынша, 28 қаңтарда полиция журналисті алып кетіп, бөлімшеде тергеген. Содан бері ол үйіне қайтпаған. Одан бір күн бұрын полиция оның Душанбедегі пәтерін тінтіп, компьютер мен бірнеше кітапты кәмпескелеген.

Тәуелсіз журналист 31 жастағы Далер Шарифов бұған дейін Тәжікстан билігін сынап, мақалалар жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG