Accessibility links

Жемқорлық күдігіне ілінген Бостандық ауданы сотының төрағасы қамалды


Алматыдағы сот ғимараттарының бірі. Көрнекі сурет.
Алматыдағы сот ғимараттарының бірі. Көрнекі сурет.

30 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасын қамауға алуға санкция берді.

"Сот жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің судья объективті тергеу жүргізуге кедергі келтіруі мүмкін деген дәйектерін қолдады" делінген жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Онда судьяның аты-жөні және оның қанша уақытқа қамауға алынғаны көрсетілмеген.

22 қаңтарда ҚазТАГ агенттігі құпия дереккөзіне сүйеніп, Бостандық аудандық сотының төрағасы Алтынбек Баяновтың жемқорлық бойынша күдікке ілінгенін хабарлаған. 23 қаңтарда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі судьяның "пара алды" деген күдікке ілінгенін айтқан.

Алтынбек Баянов 2015 жылы 18 желтоқсанда президент жарлығымен Бостандық аудандық сотының төрағасы болып тағайындалған.

Қазақстанда жемқорлық бойынша шенеуніктер жиі сотталады, алайда көп жағдайда олар амнистиямен босатылады. 2020 жылы жарияланған Transparency International ұйымының жемқорлық индексінде Қазақстан 180 елдің ішінде 113-орында (неғұрлым көп болса, соғұрлым нашар) тұр.

Былтыр қараша айында жемқорлық бойынша айыпталған Алматының Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясына 116 мың доллар көлемінде айыппұл салынған.

Оқи отырыңыз: Жемқорлық бойынша айыпталған бұрынғы судьяға айыппұл салды

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегінше, былтыр қазақстандық судьяларға қатысты 11 қылмыстық іс қозғалған, алты іс сотқа жіберілген. Күдікке ілінген судьялар Қостанай, Түркістан, Маңғыстау облысы мен Алматы, Шымкент қалаларында істеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG