Accessibility links

Израиль Хамас нысандарына шабуыл жасады


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) және Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Израиль авиациясы Хамас радикалды қозғалысының Газа секторындағы әскери нысандарына шабуыл жасады. Әскерилер мұны ұйымның Израиль аумағын атқылауына "жауап" ретінде атады. Бұған қоса, олардың сөзінше, елдің оңтүстігінде жарылғыш заттары бар әуе шарлары табылған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Палестина автономиясы арасындағы қақтығысты реттеудің жолын ұсынғаннан кейін Таяу Шығыстағы жағдай қайта ушыққан. Трамп Иордан өзенінің батыс жағалауындағы аумақтың бір бөлігі мен Газа секторында палестиндік тәуелсіз мемлекет құруды ұсынған. Құжатта Иерусалим Израильдің ажырамас бөлігі ретінде көрсетілген.

Дональд Трамп өзінің ұсынысын "ғасыр келісімі" деп атаған. Израиль билігі оны қолдағанмен Палестина автономиясының жетекшісі мұндай шарттарды ешқашан қабылдамайтынын айтқан.

The Washington Post газетінің жазуынша, Трамп әкімшілігі әу баста-ақ Аббастың "ғасырлық келісімді" қабылдамайтынын білгенін, құжаттың негізгі мақсаты елде ішкі саяси дағдарыс жалғасып жатқан тұста Израильді қолдау болғанын жазған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Азаттық көрсеткен мүгедек ерлі-зайыптыға жұрт үй алып берді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:48 0:00
XS
SM
MD
LG