Accessibility links

Лондонда пышақпен шабуыл жасалды, күдіктіні полиция атып өлтірді


Пышақпен шабуыл болған жерді күзетіп тұрған полиция. Лондон, 2 ақпан 2020 жыл.
Пышақпен шабуыл болған жерді күзетіп тұрған полиция. Лондон, 2 ақпан 2020 жыл.

Лондонда полиция үш адамды пышақпен жаралаған деген күдікке ілінген жігітке оқ атуға мәжбүр болған. Лондон полициясы бұл оқиғаны "террористік шабуыл" деп атады.

Пышақпен шабуылдан үш адам жараланған, біреуінің жағдайы ауыр деп хабарланды.

ВВС сайтының хабарлауынша, шабуылға күдікті 20 жастағы Судеш Амман биыл қаңтардың аяғында мерзімінен бұрын түрмеден босатылған. Ол терроризмге қатысты іс бойынша үш жыл төрт айға түрмеге қамалып, жаза мерзімінің жартысын өтегеннен кейін бостандыққа шыққан.

Ақпаратқа қарағанда, дүкенге кірген ер кісі ондағы адамдарға пышақпен шабуылдаған. Кейін ол көшеде велосипед теуіп бара жатқан әйелге пышақ сұққан. Оқиға орнына жеткен полицейлер күдіктіге үш рет оқ атып, ол сол жерде мерт болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG