Accessibility links

Түркия "Сирияның 30-35 солдатын өлтіргенін" хабарлады


Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған. Стамбул, 3 ақпан 2020 жыл.

3 ақпанда Түркия Сирия үкіметінің ондаған сарбазын өлтіргенін мәлімдеді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның бұл әрекетін Идбил провинциясындағы түрік әскері орналасқан нысанға жасалған шабуылға қайтарған жауап деп мәлімдеді.

Ердоғанның сөзінше, әскери нысанға жасалған шабуылдан түріктің төрт сарбазы мерт болған.

Ердоған қарымта шабуылдан «шамамен Сирияның 30-35 солдатының мерт болғанын» айтты.

Ал Лондондағы Сириядағы адам құқығын бақылау орталығының хабарлауынша, Түркияның шабуылынан алты адам қаза болған.

Ердоған Сирияның бас одақтасы Ресейден бұл іске араласпауын сұрады.

«Ресей билігіне айтарым, мұндағы біздің сөйлесетін тобымыз сіздер емес, [Сириядағы] режим. Сондықтан жолымызда тұрмаңыздар» деді әуежайда журналистер сұрағына жауап берген Ердоған.

Бұған дейін Түркия қорғаныс министрлігі Сирия үкіметінің әскерилерінің «артиллериялық соққысынан» кемінде төрт түрік әскері мерт болғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Коронавирус деген не? Бүлдіршіндерге түсіндіреміз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00
XS
SM
MD
LG