Accessibility links

Бекшин: Уханьнан келген қазақстандықтар коронавирус жұқтырмаған


Қытайдан эвакуацияланған жұрт. Филиппин. 23 қаңтар 2020 жыл.
Қытайдан эвакуацияланған жұрт. Филиппин. 23 қаңтар 2020 жыл.

Қытайдың Ухань қаласынан эвакуацияланған 89 қазақстандықтың жағдайы жақсы, дене қызуы жоқ және анализдерінен коронавирус жұқтырмағаны анықталды. Бұл туралы 3 ақпанда Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

Бас санитарлық дәрігердің сөзінше, Уханьнан келгендер 14 күндей карантинде болады.

Бекшин Қазақстанда коронавирус жұқтыру күдігімен 46 адамның әлі ауруханада жатқанын, 43 адамның ауруханадан шығарылғанын айтты.

Ол 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстер тоқтағанын, шекарадан тек ресми делегация өкілдері ғана өтетінін мәлімдеді.

Бекшиннің сөзінше, медициналық маска шығаратын мекемелер қазір толық жұмыс істеп жатыр.

- Коронавирустан соң үкімет маска, басқа да қажетті заттар сатып алуға 1,5 миллиард теңге бөлді. Халыққа қанша маска керек болса, соншасын сатып аламыз, - деді ол.

Бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда тұрғындар медициналық маска тапшылығына шағымданған.

3 ақпандағы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 17459 адамға жетті. Қазірге дейін бұл вирустан 362 адам көз жұмған. 483 адам дерттен айыққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар тіркелген жоқ.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG