Accessibility links

Қытайда короновирустан қайтыс болғандар саны 425 адамға жетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қытай билігі бұған дейін белгісіз короновирустан пайда болатын пневмонияның таралуына қарсы күресте "қателіктер мен кемшіліктер" болғанын мойындады. 3 ақпан күнгі мәлімет бойынша, елде осы дерттен 425 адам қайтыс болған.

4 ақпанда Қытай Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы соңғы бір тәулікте 64 адам коронивирустан көз жұмып, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 20 438 адамға жеткенін хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) короновирусқа байланысты халықаралық төтенше жағдай жариялады. Желтоқсанның соңында жаппай тарай бастаған короновирустың ошағы - Қытайдың Хубэй провинциясының орталығы Ухань қаласы. Қытайдың ауруды бақылау мен алдын алу орталығының мамандары аса қатерлі вирустың қала базарында сатылған жабайы аңнан жұққанын анықтаған.

3 ақпанда Қытай Компартиясы орталық комитеті саяси бюросының тұрақты комитеті төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл көрсету мемлекеттік жүйесін "жетілдіру" қажет екенін мойындап, жабайы аңдарды сататын заңсыз базарлармен күресуге шақырды.

Бұған қоса Қытай билігі медициналық құрал-жабдық пен хирургиялық маскілер, вирустан қорғайтын киім мен көзілдіріктер "шұғыл" қажет болып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды France-Presse агенттігі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG