Accessibility links

Қарағанды облысында боранда адасып кеткендердің бірі өлі күйінде табылды


Бораннан ыққан малдың соңынан іздеуге шығып, хабарсыз кеткен Қарағанды облысы Ұлытау ауданының екі тұрғынының бірінің мүрдесі табылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, жоғалып кеткен екі азаматтың бірі – 44 жастағы Қайрат Мұқановтың денесі өзі жұмыс істеген "Стандарт" шаруа қожалығынан 30 шақырым жерден табылған. Ал екінші адам 45 жастағы Рафим Мейрзаевтен еш хабар жоқ.

Қайрат Мұқановтың қарындасы Бекзат Мұқанованың айтуынша, ағасының мүрдесін жылқы қарап жүрген ауыл тұрғындары 3 ақпан күні кешкі сағат алты шамасында даладан, жартылай қарға көміліп жатқан жерінен тауып алған.

Марқұмның артында, әйелі, екі қызы мен кәмелет жасқа толмаған бір ұлы қалды.

Мұқанов пен Мейрзаев 26 қаңтарда бораннан ыққан малды іздеуге шығып, жоғалып кеткен. Кейін төтенше жағдай қызметі іздеу жұмыстарын бастаған.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Балық бала" асырап отырған отбасы баспанаға мұқтаж
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:31 0:00
XS
SM
MD
LG