Accessibility links

Көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап ас берді


Көп балалы аналар қаза тапқан бес сәбидің жылдығында ас берді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:17 0:00

5 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмханалардың бірінде көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап, ас берді. Оған жүзге жуық адам жиналды. Арасында әкімдік өкілдері де болды.

Аналардың айтуынша, имам шақырып, құран оқытуға қажетті шығынды өздері көтерген. Әркім жағдайына қарай 500,1000, 2000 мың теңгеден қосылған.

- Былтыр үлкен қайғы болды. Оны ұмытуға хақымыз жоқ деп ойлаймын. Сондықтан шыдай алмай, аналар болып жиналып, шын ықыласпен құран бағыштайық деп ниет еттік. Айтуға да ұят шығар, бірақ бұл оқиғадан кейін халық оянып, құқықтарын талап ете бастады, жәрдемақыға, атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Бұл оқиғаны ешқашан ұмытпауымыз керек, - деді еске алу шарасын ұйымдастырушылардың бірі Айжамал Сареева.

Өткен жылы 4 ақпанға қараған түні астана маңындағы Көктал-1 ықшамауданында көмірмен жылынатын жер үйден өрт шығып, бір отбасының бес қызы қаза болған. ​Қайғылы оқиға қазақстандықтардың мемлекеттік әлеуметтік саясатқа қатысты ашу-ызасын туғызды.

Оқи отырыңыз: "Қоғамды оятқан" қайғы. Бес қыздың қазасынан кейінгі бір жыл

Нұр-Сұлтан мен өңірлердегі көпбалалы аналар әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігін айтып, наразылыққа шықты.​ Кейінірек үкімет көп балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек түрлерін көбейткен.

Ел астанасында болған қайғылы оқиғадан кейін тура бір жылдан соң, ұқсас жағдай Алматы түбіндегі ауылда қайталанды. Ақпанның 3-і күні Өстемір ауылында болған өрттен үш және төрт жастағы екі бала қаза тапты. Ата-анасы бұл кезде үйде болмаған: әкесі қалаға жұмыс іздеуге, ал анасы ұлы мен қызын сыртынан жауып, дүкенге кеткен.​

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG