Accessibility links

Шымкент соты "ар-намысқа тиді" деп айыпталған блогердің ісін тоқтатты


Белсенді блогер Ақмарал Маделханова. Шымкент, 5 ақпан 2020 жыл.

5 ақпанда Шымкенттің Қаратау аудандық соты белсенді, блогер Ақмарал Маделханованың үстінен қозғалған азаматтық істі қарауды тоқтату туралы қаулы шығарды. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Сәрсенбі күні сотқа жауапкер Ақмарал Маделханова келді. Судья Жанат Мүсірәлі «ар-намысыма тиді, іскерлік беделіме нұқсан келтірді» деп арызданған шағым түсіруші Түркістан облысы Ленгір қаласындағы құлағы нашар еститін балаларға арналған қосалқы мектеп-интернатының директоры Зубира Айтуғанова істі қарауды тоқтату туралы талап-тілекті сот кеңсесіне өткізгенін жеткізді. Содан кейін жауапкердің пікірін сұрады. «Маған салса істі сот тергегені дұрыс» деді Маделханова.

Бес минуттан соң кеңесу бөлмесінен шыққан судья Жанат Мүсірәлі қаулыны оқыды. Ол Айтуғанованың азаматтық шағымын қараусыз қалдыруды қаулы етті.

Ақмарал Маделханованың Азаттыққа айтуынша, соңғы бір жылда Айтуғанова басқаратын мектеп-интернат туралы Facebook парақшасында онға жуық жазба жазған. Оның пікірінше, "жазбаларда мектеп-интернаты директорының ар-намысына тиетін немесе қорлайтын сөз жоқ". Бұған қоса, жазбалар тек болжамға негізделіп жазылған - кесімді пікір жоқ. Онда интернат ішінің салқындығы, тазалығы, санитарлық талаптарға сай еместігі, тазалағыш заттардың жоқтығы, балаларға берілетін астың құнарсыздығы сияқты бірнеше мәселе көтерілген.

Бұған дейін жәбірленуші жазбаның бәрін жоққа шығарып, терістеуді талап еткен. Азаттық тілшісі шағым түсірушіден түсініктеме ала алмады.

Оқи отырыңыз: Оралда полицияның арызы бойынша блогерге қарсы сот басталды​

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Балық бала" асырап отырған отбасы баспанаға мұқтаж
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:31 0:00
XS
SM
MD
LG