Accessibility links

Түркияда қар көшкінінен ондаған құтқарушы мерт болды


Қар көшкіні болған жер. 5 ақпан 2020 жыл.

Түркияның шығысында 38 құтқарушы қар көшкінінен қаза болып, елуден астам адам зардап шеккен. Көшкін 5 ақпанда Иранмен шекаралас Ван провинциясында болған. Тағы бірнеше адам қар астында қалғаны хабарланды. Олардың нақты саны белгісіз. 30 адам аман қалып, олар ауруханаға жеткізілген.

Құтқарушылар 4 ақпанда жоғалып кеткен екі адамды іздеуге шыққан. Қазір оқиға болған жерге жедел қызмет өкілдері жіберілді.

Көшкін Бақшысарай қаласына жақын маңда болған. Іздестіру жұмыстарына тұман, қалың қар мен қатты жел кедергі келтіріп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG