Accessibility links

Өзбекстан Уханьнан 84 азаматын эвакуациялады


Көрнекі сурет.

5 қаңтарда Өзбекстан Қытайдағы коронавирус ошағы саналатын Ухань қаласынан 84 өзбекстандықты елге эвакуациялады, олардың басым бөлігі - Қытайда оқып жатқан өзбек студенттері деп хабарлады Өзбекстанның ресми орындары. Олардың ешқайсысынан коронавирус белгілері табылмаған.

Бір күн бұрын 250 өзбек студенті Қытайдан Ташкентке чартерлік рейспен жеткізілген. Олардың барлығы коронавирус бойынша тексеруден өткен.

Бұған дейін Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі Қытай билігінің Уханьдағы өзбек студенттерін эвакуациялауға рұқсат бермегенін айтқан еді.

Соңғы дерек бойынша, Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 560-қа жеткен, 28 000 адамнан вирус табылған.

1 ақпанда Өзбекстан Қытайға қатынайтын коммерциялық әуе рейстерін тоқтатқан. Билік азаматтарға Қытайға бармауға кеңес беріп, туризм комитеті жергілікті туристік агенттіктерге Қытайға жолдамаларды сатпауға кеңес берді.

Қарай отырыңыз: Коронавирус туралы не білу керек?

Коронавирус туралы не білу керек?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:28 0:00

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG