Accessibility links

Ашықбаев Помпеоны қарсы алған шенеуніктердің киімі жайлы сынға жауап берді


Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев. Нұр-Сұлтан, 6 ақпан 2020 жыл.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев. Нұр-Сұлтан, 6 ақпан 2020 жыл.

Ақпанның 6-сына сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоны әуежайда қарсы алған Қазақстан шенеуніктерінің киімі жайлы сынға жауап берді. Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ мемлекеттік хатшысын қарсы алған министрік өкілдері іскерлік этиканы сақтамады деп сынап, оларды әуежайда шетел азаматын қарсы алған таксистерге ұқсатқан еді. Майк Помпео ақпаннның 2-сіне Қазақстанға ресми сапармен келген.

Ержан Ашықбаев "сын орынды, бірақ киімнен гөрі сапардың мәніне көбірек назар аударған жөн" деп санайды.

- Қарсы алушылар күн райына қарай киінді. Ішінде мен де бармын. Алайда, жұрт мәселенің мәнінен гөрі сәніне көбірек назар аударғандай болды, - деді Ержан Ашықбаев Азаттық тілшісіне.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылар Қазақстан дипломаттарының Помпеоны қарсы алу хаттамасын сынаған еді.

"Помпеоны қарсы алған дипломаттарға жұрт күліп жатыр. Олар кездейсоқ таксистер сияқты қара күрте, құлақшын киіп, қолдарын қалталарына салып тұрды. Ақ жейде, қара пәлте киіп, галстук тағып, ұшақтан жалаңбас түскен Помпео өзін қарсы алған жас шенеуніктерден әлдеқайда ұтымды көрінді" деп жазды Айдан Кәріпжанов Facebook парақшасында.

"Күн райы шетелдік қонақты қарсы алу хаттамасын сәл өзгертуге мәжбүр ететін шығар, дегенмен мемлекеттік хатшыны күртемен қарсы алмайды" дейді бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев Facebook-тағы парақшасында.

Қазақстаннан кейін Майк Помпео Өзбекстанға барған. Әлеуметтік желі қолданушылары Ташкент Помпеоны лайықты дәрежеде қарсы алды деп сипаттады.

Оқи отырыңыз: Помпео Орталық Азияға сапарында Шыңжаңдағы қудалауды айыптады

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG