Accessibility links

Шекарасыз тілшілер: Ұшақ апатынан кейін ирандық журналистер қысымға ұшырады


Көрнекі сурет.

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" баспасөз қорғау ұйымы Тегеранда украиналық ұшақ апатқа ұшыраған уақыттан бері ондаған ирандық журналистің қоқан-лоқыға ұшырап, қысымға ұшырағанын мәлімдеді. Билік кейбір журналистерді әлеуметтік желідегі парақшаларын жабуға мәжбүрлеген.

Ұйым дерегінше, Иранда кемінде 21 журналисті Ислам революциясы сақшылар корпусы және Барлау министрлігі қызметкерлері шақырып, тергеген. "Шекарасыз тілшілер" ұйымының 6 ақпанда таратқан мәлімдемесінде осындай дерек айтылады.

Штаб-пәтері Парижде орналасқан баспасөз бостандығын бақылау ұйымының айтуынша, ұшақ апатына байланысты биліктің "жалған мәлімдеме" жасауы журналистерді наразы еткен. Ирандық журналистер "билік өтірігінен екі есе зардап шекті" деді ұйымның Иран бойынша сарапшысы Реза Мойни.

"Сөз бостандығын тұншықтыру жалған ақпарат пен ірі адам құқығын таптау оқиғаларын институттандыруға көмектесті. Бүкіл әлем соған айғақ болды" деді Реза Мойни.

Бұған дейін 80 ирандық журналист мәлімдеме жасап, "биліктің өтірігін таратуға" көмектескені үшін өкініш білдірген.

8 қаңтарда Киевке ұшып шыққан "Украина халықаралық авиажелісі" компаниясының Boeing 737-800 жолаушы Тегеран әуежайынан көтеріле бере құлап, борттағы 176 адам қаза тапты. Ұшақта жеті елдің азаматтары, соның ішінде 11 украиналық болған.

Әуелде Иран билігі "ұшақты зымыран атып түсірді" деген тұжырымды жоққа шығарып, "апатқа техникалық ақау себеп болды" деп мәлімдеген. Бірақ бірнеше күннен кейін зымыран шабуылы болғанын дәлелдейтін видеолар пайда болғаннан кейін Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы «ұшақты қателесіп атып түсіргенін» мойындады.

Оқи отырыңыз: Иранның ұшақ апатын мойнына алуы халықты шеруге шығарды​

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Covid-19 дертінен айыққан Елдостың әңгімесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:48 0:00
XS
SM
MD
LG