Accessibility links

Шешенстанда "Новая газета" тілшісі мен адвокатына шабуыл жасады


Грозный қаласы.

6 ақпанда кешке Шешенстанда бір топ адам ресейлік "Новая газета" тәуелсіз басылымының тілшісі Елена Милашина мен адвокаты Марина Дубровинаға шабуыл жасады. Бұл ақпаратты "Новая газета" басылымы хабарлады.

Оқиға Грозныйдағы қонақ үйлердің кіреберісіндегі холда болған. Шабуылдағандар арасында әйелдер де болған. Олар журналист пен адвокатты қолмен де ұрған, аяқпен де тепкен. Белгісіз біреулер сол сәтті камераға түсіріп тұрған.

Милашина мен Дубровина Грозныйға блогер Ислам Нухановтің ісі бойынша сотқа қатысу үшін барған. Грозный орталығындағы элиталық аудан туралы видеоролик түсіріп, Youtube-ке салған Ислам Нухановқа бұған дейін полиция "заңсыз қару-жарақ сақтады" деп айып таққан. Нуханов видеоға түсірген элиталық ауданда Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың туыстары мен айналасындағы адамдар тұрады.

Журналист пен адвокат шабуылға байланысты Шешенстан полициясына арыз түсіретінін айтады.

Елена Милашина Шешенстандағы адам құқығының бұзылуы туралы көптеген зерттеу мақалаларын жариялаған, мақалаларында Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты өткір сынаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG