Accessibility links

Оралдық блогерді тағы сотқа берді


Блогер Айболат Бөкенов сот залында. Орал, 4 ақпан 2020 жыл.
Блогер Айболат Бөкенов сот залында. Орал, 4 ақпан 2020 жыл.

Оралда "Пульс города" басылымының қызметкері жергілікті блогер Айболат Бөкеновтің үстінен сотқа шағым түсірді. Бұған дейін блогер осы басылым қызметкерінің шағымы бойынша бес күнге қамалып шыққан. Бұл жолы шағым иесі Бөкеновтен материалдық шығынды өтеуді талап етіп отыр.

Айболат Бөкенов сотқа жаңадан шағым түскенін SMS-хат арқылы білгенін айтады.

- Басында тіпті қай сот жайлы айтып отырғанын түсінген жоқпын. Қазір өтіп жатқан сотты басқа күнге ауыстырған болар деп ойладым. Бірақ сәлден соң судьяның хатшысы хабарласып, менде тағы бір іс бар екенін айтты, - деді блогер Азаттық тілшісіне.

Шағым иесі "Пульс города" басылымының қызметкері Дана Дүйсекенованың айтуынша, ол жауапкердің алдыңғы іс бойынша моральдық шығынды өтеп, адвокатқа кеткен шығынды төлегенін қалайды. Бірақ нақты қанша сома талап етіп отырғанын айтпады.

- Бәрін сотта білесіздер. Артық сыбыстың не қажеті бар? - деді Дүйсекенова Азаттық тілшісіне.

Былтыр жылдың соңында Орал соты Айболат Бөкеновті "Пульс города" басылымының қызметкері Дана Дүйсекенованың "денсаулығына қасақана түрде зиян келтірді" деп танып, бес тәулікке қамаған.

Қазір Бөкеновке қатысты мұнда тағы бір сот процесі жүріп жатыр. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті "Ар-намыс, абырой мен іскерлік беделді қорғау" (143-бап) бойынша сотқа азаматтық шағым түсірген.

Блогер шағымдарды өзінің әлеуметтік желідегі белсенділігімен байланыстырады.

Оқи отырыңыз: Оралда полиция көлігі адам қаққан жерді түсірген блогерге айып тақты

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG