Accessibility links

Ресей: Сирияның әуе қорғаныс жүйесі жолаушылар ұшағын атып түсіре жаздады


Airbus A320 ұшағы. Көрнекі сурет.
Airbus A320 ұшағы. Көрнекі сурет.

Бортында 172 жолаушысы бар Airbus A320 ұшағы Сириядағы ресейлік Хмеймим әуе базасына төтенше жағдайда қонды, Сирияның әуе қорғаныс жүйесі оны атып түсіре жаздады деді Ресейдің қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков 7 ақпанда. Ресей бұған Израильді кінәлайды.

Конашенковтың айтуынша, 7 ақпанға қараған түні Израильдің төрт F-16 әскери истребителі Дамаск маңын сегіз зымыранмен атқылаған. Дәл осы шабуыл кезінде 172 жолаушысы бар Тегераннан ұшып, Дамаскіге жақындаған жолаушылар ұшағы қонуға дайындалып жатқан.

Министрлік өкілінің айтуынша, жолаушылар ұшағы "әуе кеңістігіндегі қақтығыс аумағына" кіруге шақ қалған. Бұдан соң ұшақ бірден қауіпті аймақтан шығарылып, Хмеймим әуе базасына төтенше жағдайда қонуға мәжбүр болған. Ресейдің қорғаныс министрлігі оқиғаға байланысты бұдан басқа дерек айтпайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG