Accessibility links

Тоқаев Қордайдағы жанжалдан соң "арандатушылар" жайлы айтты


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған тұрғындар арасындағы жанжалға қатысты Twitter желісінде пікір білдіріп, “төбелесті арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған” деді.

Тоқаев жанжалды нақты кімдер пайдаланбақ болғанын ашып жазбады.

7 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаменті Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жанжал болғанын растаған.

Жұма WhatsApp желісінде мессенжерінде "Қордайда түсірілген видеолар" деп тараған кадрларда өртенген ғимарат, жарығы сынған көліктер, полиция көліктері байқалады. Видеоның Қордайда түсірілген-түсірілмегенін нақтылау мүмкін болмады.

Полиция департаменті “жанжал басылғанын”, Қылмыстық кодекстің “Бұзақылық” бабы бойынша тергеу басталғанын және төбелесті бастағандар мен төбелескендер іздестіріліп жатқанын хабарлаған.

Тоқаев Twitter желісінде айыптылар жауапқа тартылатынын мәлімдеді. Төбелеске не түрткі болғаны айтылмайды.

7 ақпанда Масанчиге жақын орналасқан Сортөбе ауылында да полицейлер мен тұрғындар жанжалдасып қалғаны хабарланды.

Полицияның дерегінше, “тұрғындардың бірі полицейлердің тоқта деген талабын орындамай, үйіне кіріп кеткен. Кейін жүргізушінің туысқандары полицияға қарсылық білдіріп, жарақаттаған”. Департамент бұл оқиға бойынша екі адамның ұсталғанын, олардың үстінен “Билік өкілдеріне күш қолдану” бабы бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

Сортөбедегі жағдай мен Масанчидегі төбелестің бір-біріне қатысы бар-жоғы айтылмады.

Масанчи және Сортөбе ауылы Қырғызстанмен шекара маңында орналасқан. 2009 жылғы халық санағындағы дерек бойынша, Масанчиде 13 мыңнан астам адам, Сарытөбеде 14 мың адам тұрады. Бұл ауылдардың халқының біраз бөлігі – дүнгендер.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Балық бала" асырап отырған отбасы баспанаға мұқтаж
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:31 0:00
XS
SM
MD
LG