Accessibility links

Үкімет: Жанжалға байланысты Қырғызстанға кеткендер оралып жатыр


Қордайдағы жанжалдан кейін Қырғызстанға қашқан азаматтар Қазақстан жағына қарай өтіп жатыр. 9 ақпан 2020 жыл.

Қордайдағы жанжалдан кейін Қырғызстанға қашқан Қазақстан азаматтары елге қайтып жатыр деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі 9 ақпанда. Бірақ үкімет қандай да бір статистика келтірмеді.

Премьер-министрдің сайты балаларын жетектеп кеден бекетінен өтіп жатқан отбасылардың суретін жариялады. Ондағы дерекке сәйкес, Ауқатты пунктінде Қазақстан жаққа өту үшін адамдар кезекке тұрған. Олардың басым бөлігі - әйелдер мен балалар.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев өткізу пунктінде тұрғандарды "арандатуға ермеуге" шақырып, қираған үйлердің қалпына келетінін, отбасыларға көмек берілетінін айтқан.

"Қазір біздің мамандар жұмыс істеп жатыр, зардап көлемін есептеп жатыр. Қырғызстандағы туыстарының үйлерінде тұрып жатқан жақындарыңызға жеткізіңіздер - үйлеріне қайтсын" деді ол.

Сапарбаевтың айтуынша, қазір ауданда жағдай тұрақтанған. Түн тыныш өткен. Сайттың жазуынша, Қазақстанға оралып жатқан азаматтарды бекетте жеңілдетілген тәртіпте өткізіп жатыр.

Қырғызстанның шекара қызметі дерегіне сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі Қазақстаннан келушілер саны азайғанын хабарлады.

9 ақпан таңертеңгі сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, Қырғызстаннан мыңнан астам адам Қазақстанға өткен.

Ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданында тұрғындар арасында жанжал болып, 10 адам қаза болған, 40-тан астам адам жарақаттанған. Полиция жанжалға байланысты "Адам өлтіру" және "Тәртіпсіздік ұйымдастыру" бабы бойынша қылмыстық істер қозғады. 8 ақпанда кешке Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Қордайдағы жанжалдан кейін 8 ақпанда кейбір дерек бойынша кемінде 4500 адам Қазақстаннан Қырғызстанға қарай өткені хабарланған еді.

Видео: Қордайдағы жанжалдан соң жүздеген адам Қырғызстанға қашты (8 ақпан 2020 жыл).

Қордайдағы жанжалдан соң жүздеген адам Қырғызстанға қашты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:22 0:00

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Митингіге үндеген" мұғалім жұмыссыз қалып, әскерге шақырылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:19 0:00
XS
SM
MD
LG