Accessibility links

Қазақстан Қытайда қалған жүздеген азаматын эвакуациялайды


Air Astana әуе компаниясының ұшағы
Air Astana әуе компаниясының ұшағы

10 және 12 ақпанда Қазақстан Қытайдағы азаматтарын эвакуациялау үшін Air Astana әуе компаниясының екі ұшағын Пекинге жібермек. Бұл рейстермен Пекинге Қытайдың 47 азаматы және Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің жүгі аттанады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

СІМ хабарлауынша, қазір Қытайда Қазақстанның 719 азаматы жүр. Олардың 391-і биліктен көмек сұраған. Министрлік "бұл - қазақстандықтарды коронавирустар қорғау шарасы" деп мәлімдеді. Қытайға аттанған рейстерде қазақстандық дәрігерлер де болады.

2 ақпанда Қазақстан коронавирус шыққан Ухань қаласынан 83 азаматын эвакуациялаған. Олардың 80-і – студент. Ал 5 ақпанда Қазақстанның сегіз азаматы Ресей мен Өзбекстанның арнайы рейстерімен Қытайдан шығарылған. СІМ олардың бесеуі Ташкентте, үшеуі Ресейде карантинде жатқанын хабарлады.

10 ақпандағы дерек бойынша, Қытайда тараған коронавирустан 900-ден астам адам қаза тапты. 40 мыңнан астам адам вирус жұқтырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG