Accessibility links

Еден жуушылардың шағымынан соң Назарбаев әуежайының жетекшілеріне сөгіс жарияланды


Әуежайдағы жұмыс жағдайына шағынған еден жуушылар. 7 ақпан 2020 жыл.

Қазақстан астанасындағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының еден жуушыларының наразылығынан соң қызметтік тексеріп жүрген. Бұл туралы әуежайдың ресми сайты хабарлады.

Тексеріс нәтижесінде қызметін дұрыс атқармаған халықаралық әуежай басқармасы бастығының инфраструктуралық қамтамасыз ету бойынша орынбасары, аэровокзал комплексінің атқарушы директоры және сатып алу бөлімінің басшысы қатаң сөгіс алған.

Өткен жұмада әуежайдың еден жуушылары наразылық білдіріп, басшылық қолғап, тазалау заттарын, қоқыс төгетін пакет бермейтініне шағымданған. Олар «бұл мәселені көтерсек, басшылық жұмыстан шығарамыз деп қорқытады» деген. Наразылармен кездескен халықаралық әуежай басқармасы бастығының инфраструктуралық қамтамасыз ету бойынша орынбасары Арнабол Бақыт «бұл мәселені алғаш рет естіп отырғанын айтқан».

Видео: Назарбаев әуежайының еден жуушылары жұмыс жағдайына наразы​. 7 ақпан 2020 жыл.

"Бес ай қолғапсыз тазаладық". Назарбаев әуежайының еден жуушылары жұмыс жағдайына наразы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:23 0:00

2014 жылы әуежайды жөндеу жұмыстарына 60 миллиард теңге бөлінгені хабарлаған. Ресми дерек бойынша, Назарбаев әуежайы жылына 8 млн жолаушы қабылдай алады. Аэропорттың жалпы аумағы 47 мың шаршы метрді құрайды.

Қазақстанды 30 жыл басқарып, былтыр наурызда президенттіктен кеткен, бірақ Қауіпсіздік кеңесі басшысы ретінде биліктің бір тармағын ұстап отырған Назарбаев атында әуежайдан бөлек бірнеше көше, мектеп, университет бар. Оның құрметіне ескерткіш те қойылған. Назарбаевтың орнына президенттікке келген Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Астана қаласының атауы «Нұр-Сұлтан» деп өзгертілді. Елдегі қарсылыққа қарамастан бұл ұсыныс парламентте де қолдау тапты.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG