Accessibility links

Еуропада "Киара" дауылы алты адамды мерт қылды


"Киара" дауылы. Франция, 10 ақпан 2020 жыл.
"Киара" дауылы. Франция, 10 ақпан 2020 жыл.

Өткен аптаның соңында Еуропа құрылығында «Киара» дауылынан Чехия, Польша, Швейцария, Швеция, Словения мен Ұлыбританияда кемінде алты кісі мерт болып, бірнеше адам зардап шекті. 9 ақпанда Ұлыбритания мен Ирландиядан басталған «Киара» кейін шығысқа қарай ойысып, Еуропада ондаған мың үй жарықсыз қалды.

Дауыл әуе қатынасына да кесірін тигізіп, Еуропада жүздеген әуе рейсін бөгеді. Германияда төрт қалада: Франкфурт, Мюнхен, Дюссельдорф пен Кёльнде 700-ден астам рейстің ұшу уақыты кейінге қалды. Еуропадағы жолаушы ең көп келетін ірі әуежайлардың бірі саналатын Нидерланд еліндегі Схипхол аэропортында 10 ақпанда 200-ден астам әуе рейсі кестеде көрсетілген уақытта ұшқан жоқ.

Дауыл Ұлыбританияда тасқынға себеп болып, бірнеше елде темір жолды бүлдіріп, құлаған ағаш автокөлік жолын басып қалды. Ауа райын болжау қызметінің мәліметінше, кей жерлерде желдің екпіні сағатына 150 километрге жеткен. Ауа райын болжайтын мамандар Дания, Норвегия, Швеция мен Финляндиядағы жағалауға жақын аймақтарда тасқын болуы ықтимал деп ескертті.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG