Accessibility links

Украинада полицей журналистің көлігін өртеді деген күдікке ілінді


Азаттықтың Украин қызметінің тілшісі Галина Терещуктің өртенген көлігі. Львов, 30 қаңтар 2020 жыл.

Украинада жергілікті тұрғын мен майор полициясы астыртын сөз байласып, Азаттықтың Украин қызметінің тілшісі Галина Терещуктің көлігін өртеді деген күдікке ілінді. Львов облысының прокуроры Ирина Диденко 11 ақпанда күдіктілерге ескерту жайлы қағазға қол қойды.

Диденконың айтуынша, күдіктілердің бірі 48 жастағы Львов тұрғыны қылмыстық топтар арасында темір жолда жанар-жағармай ұрлау схемасы және контрабанда оқиғалары бойынша танылған. Тергеу орындарының болжамынша, ол тапсырысты орындайтын адам іздеген 43 жастағы полиция майорымен сөз байласып, көлікті өртегені үшін ақша алған.

Күдіктілерге іздеу жарияланды. Енлі оларды қасақана қылмыс жасау немесе бөтеннің мүлкін бүлдіру бабы бойынша жауапкершілікке тартпақ. Қылмыстық кодексте бұл бойынша 6 мен 15 жыл аралығында түрме жазасы қарастырылған.

30 қаңтарда түнде Львовта Азаттықтың Украин қызметімен 2000 жылдан бері әріптестік орнатып келе жатқан журналист Галина Терещуктің көлігі өртенген болатын. Журналист мұны кәсіби қызметімен байланыстырады.

6 ақпанда полиция Одесса қаласында оқиғаға қатысы бар делінген 19 жастағы ер адамды ұстаған. Егер сотта оның кінәсі сотта дәлелденсе, он жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Істі Украинаның қауіпсіздік қызметі тергеушілерімен бірге прокуратура тергеп жатыр.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Балық бала" асырап отырған отбасы баспанаға мұқтаж
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:31 0:00
XS
SM
MD
LG