Accessibility links

Жамбыл облыстық соты да "Шаңырақ ісімен" сотталған Өтегеновті шартты түрде босатпады


Құрманғазы Өтегенов "Шаңырақ ісі" бойынша сот кезінде. Алматы, 11 қыркүйек 2007 жыл.
Құрманғазы Өтегенов "Шаңырақ ісі" бойынша сот кезінде. Алматы, 11 қыркүйек 2007 жыл.

13 ақпанда Жамбыл облысы апелляциялық соты Шаңырақ оқиғасынан кейін сотталған 43 жастағы Құрманғазы Өтегеновтің шартты жазамен уақытынан бұрын босату шағымын қанағаттандырмады.

2006 жылы 16 жылға сотталған Өтегенов жазасын Тараздағы қатаң режимдегі түрмеде өтеп жатыр. Түрмедегілер Өтегеновтің тәртібінің нашарлығы үшін қойылған шектеу жазасы толық өтелмегенін алға тартады. Түрме өкілдері наурызға дейін ішкі тәртіпті бұзбаса, шектеу жазасы алынатынын айтады.

Өтегеновтің өзі апелляциялық сотқа әкелінген жоқ, сотқа видеобайланыс арқылы да қатыспады.

23 желтоқсанда Тараз қаласы қылмыстық істер бойынша соты "Шаңырақ ісі" бойынша сотталған 43 жастағы Құрманғазы Өтегеновті шартты түрде босатпаған. Сот оның мемлекет алдындағы баж салығын төлемегенін, тәртіп бұзғанын алға тартқан.

Кеше Азаттыққа түрмеден атын жариялауды қаламаған сотталушы хабарласып, Өтегенов облыстық сотқа ерте босату туралы өтініш жазғанда мемлекет алдындағы баж салығын төлегені туралы анықтаманы да "Шаңырақ ісі" бойынша сотталған Рүстем Тұяқов (14 жыл), Ерқанат Тараншиев (15 жыл), Құрманғазы Өтегенов (16 жыл) және Арон Атабек (18 жыл) 2018 жылы құқық қорғаушылардың көмегімен баж салығын төлеген. Тұяқов пен Тараншиев 2018 жылдың мамыры мен маусымында қамаудан босатылған. Ал Арон Атабек шартты жаза сұрап сотқа шағымданбаған.

43 жастағы Құрманғазы Өтегенов 2006 жылғы 14 шілдеде Алматының шетіндегі Шаңырақ елдімекенінде болған оқиғаға қатысқаны үшін сотталған. Шаңырақта сот "заңсыз салынған" деп таныған баспаналарын сүруге келген билік өкілдеріне жергілікті тұрғындар қарсылық көрсетіп, қақтығыс салдарынан полиция қызметкері қаза болған. Осы оқиғадан кейін төрт адам ұзақ мерзімге сотталған. Олардың екеуі өткен жылы мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шықты. Сот үкімі бойынша 16 жылға бас еркіндігінен айырылған Құрманғазы Өтегеновтің жаза мерзіміне 2013 жылы түрме әкімшілігінің "заңды талабына бағынбағаны" үшін тағы екі жарым жыл қосқан.

2006 жылы 14 маусымда Алматы шетіндегі Шаңырақ елдімекенінде жұрт үйлерінің сүрілгеніне қарсы шыққан. Оқиға кезінде бір полицей қаза тапқан. Кейін билік Шаңырақ тұрғындарына үйлерін заңдастыруға рұқсат берген.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG