Accessibility links

СІМ: Өзбек студенттері еліндегі реформаға байланысты кері қайтып жатыр


Өзбекстан Шымкентте оқитын жастарын кері қайтарып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:27 0:00

Видео: Өзбекстан Шымкентте оқитын жастарын кері қайтарып жатыр. 12 ақпан 2020 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі елде оқып жүрген өзбекстандық студенттердің кері қайтуына қатысты пікір білдіріп, мұны Өзбекстан білім жүйесіндегі реформамен байланыстырды.

“Өзбекстан тарапы бізге ресми түрде қайырылды. Өзбекстандық студенттерді көрші елдің білім саласындағы реформаға байланысты кері қайтып жатыр. Қазір Өзбекстан шетелде, соның ішінде Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда оқып жүрген азаматтарына жағдай жасап, отанына шақырып жатыр” деді Қазақстан СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Осыған дейін Қазақстанның Шымкент қаласында, Қырғызстанда, Тәжікстанда оқып жүрген өзбек студенттерінің жаппай құжаттарын қайта алып жатқаны белгілі болған. Шымкенттегі жоғарғы оқу орындарында шамамен 15 мыңдай өзбекстандық оқиды.

Өзбекстан білім министрлігі 7 ақпанда шетте оқитын азаматтарын елге шақыру науқанын жариялап, гранттар мен квота көбейетінін хабарлаған. Министрлік "бұл - ел президенті Шавкат Мирзияевтің бастамасы" деп мәлімдеген.

Реформаға сай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанда оқып жүрген өзбекстандықтар 15 наурызға дейін еліндегі университеттерге емтихансыз түсе алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG