Accessibility links

Қырғыз билігі халық наразылығынан соң Қытаймен біріккен жобадан бас тартты


Атбашыдағы Қытай инвестициясына салынатын орталықтың жобасы.

Қырғызстан билігі Қытай инвестициясымен салынуы тиіс Нарын облысындағы логистикалық орталықтың құрылысынан бас тартатынын мәлімдеді.

Елдің шығысында жоспарланған құрылысқа 275 миллион доллар жұмсалатыны айтылған. Бірақ 17 ақпанда Нарын облысы Атбашы кентінде бұл құрылысқа қарсы наразылық шарасы өткен.

Сейсенбі күні «Нарын» еркін экономикалық аймағының директоры Артур Байтереков Азаттықтың Қырғыз қызметіне орталық салынбайтынын айтты.

Қырғызстан мен Қытайдың біріккен «Атбашы» еркін экономикалық аймағы да «жергілікті халық қарсы ұзақ уақытты жобалармен жұмыс істемейтінін» айтып, келісім-шарт жойылғанын хабарлады. Хабарламада біріккен жобаға 280 млн доллар қарастырылғаны жазылған.

Жергілікті халық қаңтардан бері бірнеше рет Қытаймен біріккен жобаға қарсы шыққан. Соңғы наразылық шарасы 17 ақпанда Атбашы елдімекенінде өткен.

Халық қарсы шыққан бұл жобаға 2019 жылы маусымда Қытай басшысы Син Цзиньпин Қырғызстанға келген сапарында қол қойылған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Әкімдік солтүстіктен оңтүстікке көшкен бес балалы шаңырақты сотқа бермек
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:49 0:00
XS
SM
MD
LG